жұма, 19 желтоқсан, 2025 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келешек мектептері: Шөлдалада 600 орындық білім ұясы ашылды

Келешек мектептері: Шөлдалада 600 орындық білім ұясы ашылды
Фото - Jambylinfo.kz
Оқу орны “ Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында бой көтерген

Бүгін Тараз қаласындағы Шөлдала алабында 600 орындық білім нысаны ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиналғандарды оқу ұясының ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы «Келешек мектептері» жобасы бойынша бүгінге дейін 6 мектеп пайдалануға беріліп, мыңдаған бала заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып жатқанын айтты. 
 

- Жоба білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Оқушы орнының тапшылығы, үш ауысымды оқыту және ескі мектептердің мәселесі кезең-кезеңімен жойылып келеді. Қазіргі таңда келешек мектептерінің іске қосылуы арқылы облыста үш ауысымдылық мәселесі жүйелі түрде шешімін тауып отыр. Жаңа мектеп кең әрі жарық сыныптармен, заманауи оқу құрал-жабдықтарымен, спорттық және шығармашылық бағыттағы мүмкіндіктермен толық қамтылған. Мұндай жағдай балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, қабілеттерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Осы мектептен терең білім алған, ойы сергек, мақсаты биік, еліне адал қызмет ететін жаңа буын тәрбиеленіп шығарына сенімім мол, - деді облыс әкімі. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар