дүйсенбі, 30 наурыз, 2026 15:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сотталған азаматтарға Қажымұқан көркем фильмі көрсетілді

Сотталған азаматтарға Қажымұқан көркем фильмі көрсетілді
Фото - ашық дереккөз
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталған азаматтарға Қажымұқан көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған іс-шараның мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, отансүйгіштік сезімін арттыру және ұлттық тарихқа деген қызығушылығын қалыптастыру. Фильм арқылы көрермендер қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өмір жолымен танысып, оның ерлігі мен табандылығынан үлгі алды.

Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар