дүйсенбі, 30 наурыз, 2026 13:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 200 млн теңге жымқырған алаяқтар ұсталды

Жамбылда 200 млн теңге жымқырған алаяқтар ұсталды
Фото: Polisia.kz
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды

ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Polisia.kz дерегінше, күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар