жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «ЕР ШОНА» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Таразда «ЕР ШОНА» атты әдеби-музыкалық кеш өтті
Jambylinfo.kz
Жиында ақын шығармалары насихатталды

Тараз қаласының «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен қазақ сатирасының сардары, ақын, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері Шона Смаханұлының  туғанына 100 жыл толуына арналған «ЕР ШОНА» атты әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-ашараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, сондай-ақ бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Қызыл сөздің шебері, Таластың тарлан мінез тау тұлғасы Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған шаралар жыл басынан туған топырағынан бастау алып, бүгінгі игі шарамен жалғасын тауып отыр.
Игі шара «Ш.Смаханұлы туралы естеліктермен» басталып, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістерінің орындауындағы Шонаның өлеңдеріне қойылған композициямен жалғасты.

Фото - Юрий Ким
Кеш аясында Ш.Смаханұлының өлеңдеріне жазылған «Әжейдің бесік жыры», «Ғашықтар жыры», «Сүйікті ұстазым – мектебім», «Анамның тілі – аяулы үні», «Сағыныш», «Күнім-ау», «Жамбыл жастарының вальсі», Шона Смаханұлының «Біз, осы үйдің келіні боламыз» атты  пессасы мен әндері шырқалып, ақынға арналған арнау өлеңдер оқылды.


Шона Смаханұлы - артында мол әдеби мұра ғана емес, ұлт жанашыры, қайраткер қаламгер ретінде елеулі із қалдырып, білім беру саласындағы мәселелерді көтеріп, қазақ мектептерін көбейту жолында қаламын қару етіп күрескен, мемлекеттік тіліміздің нығаюына ерекше серпін, күш беріп, қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға.  Сол замандарда қазақ мектептері жоққа тән екендігін байқап, дабыл қағып, өзі тікелей осы істі қолға алған азамат.
Киелі Талас топырағында дүниеге келіп, артына өшпес мол мұра қалдырған жерлесіміздің шығармашылығы туралы қанша айтып, насихаттасақ та жарасымды. Нар тұлғаның әрбір сөзі, өлеңдері, ұлттық тәрбиесі – кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге болып қала берері де сөзсіз.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар