жұма, 6 желтоқсан, 2024 16:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Соны жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой»: Дәулет Мұқаев тренд қуған халықты сынады

«Соны жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой»: Дәулет Мұқаев тренд қуған халықты сынады
Сурет: Коллаж Jambylinfo.kz
Депутаттың сөзінше, қазақ халқы маркетинг құрбаны

Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде белең алған «Дубай шоколады», «кәріс жүзімі» атауымен тараған  тренд қуушыларды әбден сынады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 «Дубай шоколады», деген шығып еді, енді «кәріс жүзімі» (Шэйн мускат дей ме) деген шықты. Инстаға кіріп қалсаң болды, шырт-пырт деп жеп отырғандар қатары көбейді. Соны жалпақ жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой... Кішкентай Дубай шоколадының бағасы 15-20 мың теңге болып еді, енді мына жүзімнің кішкене бір бөлігі 5-10 мың теңге деседі. "Ақша жоқ-жоқ" дейді де, талап алып жатыр халық) Оның құрамында не бар, несі пайдалы, не зиян, ол туралы басымызды ауыртқымыз келмейді. Бастысы жұрттан қалмау керек. Алла біледі, бұны да 12/24 айға бөліп төлейтіндер шықса таң қалмаймын», - деді халық қалаулысы.

Дәулет Мұқаевтың айтуынша, тренд қууы әбестік.
 

«Ақшаңыз артылып жатса, ала беріңіз. Қарсылығым жоқ. Бірақ елден, трендтен қалмайын деген ой - әбестік. Одан да мына қоңыр күзде ет жеңіздер, сорпа ішіңіздер. Міне, нағыз пайдалы тағам»,-деп жазды ол желідегі парақшасына.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар