бейсенбі, 19 ақпан, 2026 3:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда облыстық ата-аналар форумы өтті

Таразда облыстық ата-аналар форумы өтті
Фото - Jambylinfo.kz
Жиында маңызды мәселелер айтылды

Бүгін Таразда «Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам» атты облыстық ата-аналар форумы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Парламент Мәжілісінің депутаттары Әбутәліп Мүтәлі мен Мұқаш Ескендіров, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев және құзырлы орган өкілдері мен ата-аналар қатысты. 

Алдымен форум қатысушылары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әзірленген бейнероликті тамашалады. 

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары сөз алып, аталған басқосудың бала тәрбиесі жөнінде ой біріктіріп, пікір алмасатын маңызды алаң екенін атап өтті. 

- Бала тәрбиесі мемлекеттің стратегиялық басымдығы. Себебі бүгінгі оқушы - ертеңгі елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан жас ұрпақтың сапалы білім алып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, отансүйгіш, адал, еңбекқор, әділ азамат болып қалыптасуы баршамыздың ортақ міндетіміз, - деді Серік Сәлемов. 

Сонымен қатар халық қалаулылары да адам құқықтарын қорғау құқықтық мемлекет құрудың басты қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Әсіресе, «бала құқықтарын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруі, сапалы білім алуы және жан-жақты дамуы баршамыздың жауапкершілігіміз» деді депутаттар. 

Басқосуда құзырлы орган өкілдері де жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. 

Жалпы, форумның пікір алаңында өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы мәртебесін көтеру, адамгершілік-отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлерді болашақ ұрпаққа жеткізу, той мәдениетін қалыптастыру жөнінде өзекті мәселелер талқыланды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар