сенбі, 28 наурыз, 2026 1:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда республикалық моноспектакльдер фестивалі басталды

Таразда республикалық моноспектакльдер фестивалі басталды
gov.kz
Салтанатты шара қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

Тараз қаласында моноспектакль жанры бойынша республикалық театр фестиваль-байқауы өз шымылдығын түрді. Мәдени шара Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Фестивальді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Байзақ ауданы әкімдігіне қарасты «Әл-Фараби» атындағы аудандық мәдениет үйі бірлесіп өткізуде.

Салтанатты шара қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

Ашылу рәсімінде облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысушыларға сәттілік тілеп, театр өнерінің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы да жылы лебізін білдірді.

Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10 халық театры қатысуда. Атап айтқанда, Маңғыстау облысының «Ұштаған», Түркістан облысының «Келес», Абай облысының «Ақсуат», Батыс Қазақстан облысының «Тасқала», Қарағанды облысының «Ақтоғай», Қызылорда облысының «Шиелі», Алматы облысының «Кеген», Жетісу облысының «Мұқыры» халық театрлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан Жуалы ауданындағы «Мыңбұлақ» және Талас ауданындағы «Талас» халық театрлары өнер көрсетеді.

Байқаудың шымылдығын Абай облысынан келген «Ақсуат» халық театры Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» шығармасы негізіндегі қойылыммен ашты.

Бұл фестиваль – халық театрларының тәжірибе алмасуына, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және ұлттық сахна өнерін дамытуға бағытталған маңызды мәдени алаң.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар