дүйсенбі, 9 наурыз, 2026 23:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Таразда U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
Фото - ашық дереккөз
Тараз қаласындағы Taraz Arena спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам жас балуан қатысып жатқан дода 10 күнге жалғасады. Бұл жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақта ұлттық құрама сапына қосылатын балуандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Әр салмақ дәрежесі бойынша үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасына еніп, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Kazakhstan Wrestling Federation жарыстың жалпы жүлде қорына 41 миллион теңге бөлген.

U15 санатында чемпион атанған балуандар 200 мың теңге алады. Күміс жүлдегерлерге – 100 мың, ал қола медаль иегерлеріне 50 мың теңге беріледі.

Ал U23 санатында бірінші орын алған спортшыларға 500 мың теңге табысталады. Екінші орын иегерлері 300 мың теңге, ал үшінші орын алғандар 150 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Чемпионат барысында жеңімпаздар келесі салмақ дәрежелері бойынша анықталады:

U15 санаты
Грек-рим күресі: 38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85 кг, +85 кг
Еркін күрес: 38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85 кг, +85 кг
Әйелдер күресі: 33, 36, 39, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 72 кг

U23 санаты
Грек-рим күресі: 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 кг, 130 кг
Еркін күрес: 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97 кг, 125 кг
Әйелдер күресі: 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг

Белдесулер күн сайын сағат 10:30-да басталады. Ал финалдық белдесулер 18:00-де өтеді.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 10 наурыз күні сағат 17:30-да өтеді.

Мекенжай: Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі, 22, Taraz Arena.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар