жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық полицейлер жол ережесін 91 рет бұзған жүргізушіні ұстады

Тараздық полицейлер жол ережесін 91 рет бұзған жүргізушіні ұстады
Фото: IIM
Жүргізуші «Қорғау» интеллектуалды жүйесі арқылы анықталған

Тараз қаласында тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тексеру кезінде ер адамның жылдамдықты бірнеше мәрте асырғаны және жол қозғалысының басқа да талаптарын сақтамағаны анықталды.

Жүргізуші «Қорғау» интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылап, ереже бұзушылықтарды анықтаудың тиімділігін арттырады.

Цифрландыру мен заманауи технологиялардың енгізілуі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды құралға айналып келеді. Қазіргі таңда көлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар