жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Таза Қазақстан»: Таразда 10 мың түп ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Таразда 10 мың түп ағаш отырғызылды
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 10 мың түп ағаш отырғызылып, жалпықалалық сенбілік өтті.

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы бастау алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Игі бастама аясында еліміздің барлық өңірлерінде тал егу және санитарлық-тазалық шаралары өткізілуде.

Жамбыл облысында жалпы 28 мыңға жуық жасыл желек егу жоспарланған. Ал Тараз қаласында акцияның алғашқы кезеңі «Жібек жолы» ауданындағы «Қызылбад» алқабында өтті. Мұнда 10 мың түп қарағаш көшеті отырғызылды.

Ауқымды шараға 3000-ға жуық адам, соның ішінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсенді қатысты. Тұрғындар табиғатты қорғау мен көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты.

Акцияға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызды.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық ұлттық акциясы аясында Тараз қаласында санитарлық-тазалықтың екі айлығы жарияланған болатын. Осыған орай бүгін «Жансая» шағынауданында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке 250-ге жуық адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 70 текше метрге жуық қоқыс шығарылды. Қала аумағындағы өзге де учаскелерде тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Іс-шара барысында облыс және қала басшылары атқарылып жатқан тазалық жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындарды туған шаһардың көркін арттыруға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар