жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалылықтар жалпы ұлттық экологиялық акцияға қатысты

Жуалылықтар жалпы ұлттық экологиялық акцияға қатысты
Ашық дереккөз
Акция аясында саябақтар мен көшелерде тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Жуалы ауданында күзгі абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

11 қазан күні аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза бастаған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен жастар белсене қатысты.

Негізгі жұмыстар аудан орталығы – Б.Момышұлы ауылындағы «Жасай бер, Қазақстан!» саябағында жүргізілді. Сонымен қатар, ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде де тазалық шаралары ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды.

Сенбілік барысында ағаштар мен гүлзарлар ретке келтіріліп, әктеу және көгалдандыру жұмыстары атқарылды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар