жұма, 19 желтоқсан, 2025 4:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Заң және тәртіп" қағидаты аясында жуалылық жастармен кездесу өтті

"Заң және тәртіп" қағидаты аясында жуалылық жастармен кездесу өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарау мен тәртіпті сақтаудың қоғам мен қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын түсіндіру.

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында Жуалы аудандық жастар орталығының қызметкерлері мен Қызыларық ауылдық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларына арналған «Қоршаған орта және заң» тақырыбында тағылымды баяндама ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу барысында қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының  «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзі кеңінен насихатталды. Батырдың бейбіт өмірде де, сұрапыл соғыс жылдарында да қатал тәртіп пен заңды бұлжытпай орындауды басты қағида еткен ерлігі мен өр рухы жастарға үлгі ретінде айтылды.

Оқушылар батырдың темірдей тәртібі, отансүйгіштігі мен шыншылдығын жоғары бағалап, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпке бағыну және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын талқылады. Пікір алмасу барысында тәртіп пен заңдылықты сақтау арқылы қоғамды дамытуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға болатыны атап өтілді.

Шара соңында қатысушылар ерекше әсер алып, Бауыржан Момышұлының ерен ерлігі мен тәртіпке негізделген өмір жолына қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер жастардың санасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар