жұма, 6 ақпан, 2026 23:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңатастағы ахуал: Әкімдік ресми мәлімдеме жасады

Жаңатастағы ахуал: Әкімдік ресми мәлімдеме жасады
Видеодан скриншот
Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелмеген

Облыс әкімдігі ауа райының қолайсыздығынан болған Жаңатастағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

- 2026 жылғы 06 ақпанда Сарысу ауданы Жаңатас қаласында екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен қатты желдің салдарынан бірқатар нысанға зақым келді. Атап айтқанда: 1-шағын аудандағы №32, 33, 34, 35 тұрғын үйлердің, 3-шағын аудандағы №6 тұрғын үйдің, 4-шағын аудандағы №15 және №15 «а» тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшқан. Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр жарығы уақытша сөнген. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Оқиғаға байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында, - делінген хабарламада. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар