жұма, 6 ақпан, 2026 22:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл елімізде 121 спорт нысаны салынады

Биыл елімізде 121 спорт нысаны салынады
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Туризм және спорт министрлігі ел аумағында спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл республика бойынша 121 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мәселен биыл Тараз қаласының Ұлы Дала шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» спорт кешені, Жаңаөзен қаласында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың бірінші тоқсаны. Ал Алматы қаласында Медеу мұз айдынын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бұл жобалар халықтың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап, кәсіби спортты дамытуға серпін беруге бағытталған.

Айта кетейік, 2025 жылы елімізде 147 спорт нысаны пайдалануға берілген. Аталған нысандардың 100-ден астамы ауылдық жерлерде, ал 40-қа жуығы қалалық аймақта салынды. Ірі жобалар қатарында Түркістан қаласындағы ескек есу арнасы мен Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар