жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл металлургиясы алты айда 55,5 млрд теңгенің өнімін өндірді

Жамбыл металлургиясы алты айда 55,5 млрд теңгенің өнімін өндірді
Фото - ашық дереккөз
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Жамбыл облысының металлургия өнеркәсібінде 55,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

  Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 37,2 млрд теңге болған еді. Дегенмен нақты көлем индексі 89 пайызды құрап, салада аздаған төмендеу байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургияның үлесі 13,8 пайызға тең.

Саланың негізгі кәсіпорындары қатарында «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар өндірісімен айналысатын «АК Алтыналмас» АҚ пен «Golden Compass Capital» АҚ, сондай-ақ болат құю бұйымдарын шығаратын «Запчасть» АҚ бар. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында өңірде 1073 килограмм алтын өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда (1118 кг) аздап төмендеген.

Айта кету керек, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де ферросиликомарганец өндірісі 2023 жылдың мамыр айынан бастап тоқтап тұр. Бұған әлемдік нарықтағы ферроқорытпа өнімдеріне бағаның тұрақсыздығы мен шикізат тапшылығы әсер еткен. Соған қарамастан, зауыт өндірісті қайта жандандыруға дайындық жүргізіп жатыр.

2025 жылы кәсіпорын марганец кен орындарында барлау жұмыстарын бастады. Жоспар бойынша, ферросиликомарганец өндірісін қайта іске қосу 2026 жылға белгіленген. Сарапшылардың пікірінше, өндірістің қайта жандануы өңір экономикасына қосымша серпін беріп, металлургия саласының үлесін арттыруға ықпал етпек.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар