бейсенбі, 19 ақпан, 2026 19:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында балалар құқығын қорғау жөнінде форум өтті

Жамбыл облысында балалар құқығын қорғау жөнінде форум өтті
Фото: Polisia.kz
Іс-шараға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, мектеп директорлары, ата-аналар қауымдастығы және бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбында облыстық форум өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Форум барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, буллинг, топтық төбелестер, бопсалау, ұрлық, алаяқтық, тонау және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтардың профилактикасына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ отбасы мен мектептің құқықтық мәдениет пен заңға бағынуды қалыптастырудағы рөлі жеке қарастырылды.

Іс-шара аясында жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа теріс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған құқықтық мазмұндағы бейнероликтер көрсетілді. Жамбыл облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манас Әбдікаримов: «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты міндетіміз. Құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді әрі жүйелі жұмыс пен қоғамның тығыз өзара іс-қимылын талап етеді. Тек полиция, білім беру органдары, ата-аналар және қоғам арқылы әр баланың алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ете аламыз», — деді.

Форум қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларымен жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар