жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында биыл құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 185 әлеуметтік нысан бой көтеруде

Жамбыл облысында биыл құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 185 әлеуметтік нысан бой көтеруде
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  Жамбыл облысында биыл құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 
185 әлеуметтік нысан бой көтеруде. 

Өткен жылы 127,1 млрд. теңгеге 124 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Ал, 2025 жылы құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 
185 жоба іске асырылуда.

Атап айтсақ,  52 көпқабатты тұрғын үй, 26 жаңа мектеп 9 денсаулық сақтау, 15спорт, 12 мәдениет, 
5 ауылшаруашылық нысандары және 61 инфрақұрылым жобалары.
 
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды түрде кеңейіп келеді.

Жыл қорытындысымен бюджет қаражаты есебінен  257,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Нәтижесінде 3805 кезектегі отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,4%-ға артық

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар