Жамбыл облысында экстремизмге қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 ақпан, 2026
- 265
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде жедел бөлімнің ұйымдастыруымен сотталған азаматтарға арналған экстремизмнің алдын алу бағытында топтық сабақ өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шара мекеменің жедел бөлімі, теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу тобының аға жедел уәкілі, әділет лейтенанты Б.Бекмолдаевтың бастамасымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында террористік, діни экстремистік және деструктивті бағыттағы іс-әрекеттерге барудың қауіптілігі жан-жақты түсіндіріліп, олардың қоғамға тигізер кері әсері кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, радикалды ағымдардың қоғамдағы тұрақтылыққа нұқсан келтіретіні, діни алауыздықтың пайда болу себептері мен оның салдары туралы нақты мысалдар келтірілді. Б.Бекмолдаев деструктивті діни идеологияларға қарсы тұру жолдарына тоқталып, зайырлы мемлекет жағдайында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай профилактикалық және түсіндіру жұмыстары мекемеде жүйелі түрде ұйымдастырылып, аптасына төрт рет өткізіледі.
2026 жылы арнайы салық режимін кімдер қолдана алады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026
Жамбылда Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 наурыз, 2026






