Жамбыл облысында полицейлер 50 келіден астам есірткі затын тәркіледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 қараша, 2025
- 168
Жамбыл облысының Шу қаласында полицейлер 50 келіден астам марихуана тасымалдаған екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық ұланның №6506 "Бүркіт" әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген іс-шара барысында 50 келіден астам есірткі затын тасымалданған автокөлік тоқтатылды.
Арнайы операция жедел ақпарат негізінде Шу қаласындағы Сәтбаев көшесінде жүргізілді.
Полицейлер Mazda автокөлігін тоқтатып, ішінде болған екі жергілікті тұрғынды — жүргізуші мен жолаушыны ұстады.
Көлікті тексеру кезінде артқы орындығынан үш қап, ал жүксалғышынан тағы екі қап табылды. Қаптардың ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — кептірілген марихуана есірткісі екені анықталды. Жалпы салмағы 51 келіден астам.
Ұстау шарасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.






