жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы түзеу мекемесінің қызметкерлері Жолдауды тыңдады

Тараздағы түзеу мекемесінің қызметкерлері Жолдауды тыңдады
Фото: Jambylinfo.kz
№59 мекеме басшылығы бұл Жолдау — еліміздің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жүйесін одан әрі жаңғыртудың нақты жол картасы екенін атап өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Аталған маңызды саяси оқиғаны Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің жеке құрамы да жіті назарда ұстады.

Мекеме қызметкерлері Жолдауды ұжым болып тыңдап, Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағыттары мен құқық қорғау саласын жетілдіру бойынша алға қойған нақты тапсырмаларын талқылады. Президент өз сөзінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту секілді маңызды бастамаларды атап өтті.

№59 мекеме басшылығы бұл Жолдау — еліміздің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жүйесін одан әрі жаңғыртудың нақты жол картасы екенін атап өтті. Қызметкерлер Президент бастамаларын қолдай отырып, алдағы уақытта өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқаруға, қылмыстық-атқару жүйесінде тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді.

Жолдауда көтерілген әрбір мәселе мекеме қызметкерлерінің кәсіби қызметіне тікелей қатысты болғандықтан, олар алдағы жұмыс барысында осы бағыттарды басшылыққа алатын болады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар