жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының ардагерлері Жуалы ауданында бас қосты

Жамбыл облысының ардагерлері Жуалы ауданында бас қосты
Фото: Jambylinfo.kz
Делегация ауданның өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысып, жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтары, заң мен тәртіпті сақтау бағытында пікір алмасты.

Жуалы ауданына Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған делегация келіп, бірқатар нысандарды аралап, аудандық ардагерлер қауымымен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сапарға облыстық кеңестің мүшесі Исмаил Хаджымұратов, сондай-ақ Жамбыл, Байзақ, Талас, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Алдымен қонақтар аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылындағы батыр ескерткішіне аялдап, рухына тағзым етті. Ардагерлер Бауыржан Момышұлының мемориалдық музейінде болып, батыр бюстіне гүл шоқтарын қойып, жас ұрпақ үшін тарихи тұлғаның өнегелі өмірін дәріптеудің маңызы зор екенін атап өтті.

Жуалы жеріндегі іскер азаматтардың еңбегін бағалаған ардагерлер жеке кәсіпкер Мұрат Нысановтың «ALI-KO SUT» сыр зауытының жұмысын көрді. Сондай-ақ «Үлгілі ауыл» жобасының жеңімпазы саналатын Ақсай ауылдық округінде орналасқан «Дала спорты» алаңы мен жаңа өндіріс орны – «Ақсай-Жуалы» минералды су зауытында болды. Бұл жобалар ауыл экономикасының дамуына серпін беріп қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отырғаны айтылды.

Ақсай ауылдық мәдениет үйінде аудандық ардагерлердің кеңейтілген жиыны өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында қабылданған міндеттер талқыланды.

Кездесу барысында Жамбыл облыстық ардагерлер форумында қабылданған «Заң мен тәртіп», «Әділ қоғам» тақырыптарындағы үндеулер мен шешімдерді іске асырудың бағыттары қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова, аудандық және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары, «Отбасын қолдау» орталығының өкілдері, құқық қорғау органдары мен ауыл имамдары қатысты.

Жиында қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері, дін мен отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жайы кеңінен сөз болды. Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру үшін ардагерлер қауымының белсенділігі аса маңызды екенін атап өтіп, ел ішінде тұрақтылықты сақтау мен қоғамдық бірлікті нығайту бағытында бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігін жеткізді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар