Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша азамат Г.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сот материалдарына сәйкес, 2026 жылдың наурыз айында сотталушы масаң күйінде інісі – жәбірленуші Б.-нің үйіне барған. Әңгіме барысында жәбірленуші оған ақыл айтып, ата-анасы көрмей тұрғанда үйіне қайтуын талап еткен. Осыған ренжіген Г. жәбірленушінің көз тұсынан соққы жасап, ол есін жиғанша беті мен басынан бірнеше рет ұрған. Кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
Сотта Г.-нің кінәсі тараптардың айғақтарымен, медициналық қорытындымен және іс материалдарымен толық дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Өз кезегінде Г. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, ағасымен татуласқанын айтты. Жәбірленуші де сотталушыны кешіргенін жеткізді.
Сот кінәні мойындау, өкіну және кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен Г. Қылмыстық кодекстің 108-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.





