жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдағы 6 жастағы бала өлімі: Бас дәрігер жұмыстан шығарылды

Жамбылдағы 6 жастағы бала өлімі: Бас дәрігер жұмыстан шығарылды
Фото: istockphoto.com
Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданындағы орталық ауруханада 6 жастағы бала көз жұмған соң бас дәрігер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   baq.kz сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, балаға дискинезия, яғни қозғалыс белсенділігінің бұзылуы, соның ішінде ішкі ағзалардың, әсіресе өт жолдарының моторикасының дұрыс жұмыс істемеуі диагнозы қойылған. Науқасқа тек "Креон" препараты тағайындалған, ол тек белгілерді уақытша жеңілдеткенімен, аурудың түпкі себебіне әсер етпейді.

Бұған қоса, баланың анасы да екі жыл бұрын дәл осы медициналық мекемеде көз жұмғаны белгілі болды.

Оқиғадан кейін әкімдік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Сараптамаға тәуелсіз мамандар тартылды. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті де жеке тексеру өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды, – деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Әкімнің айтуынша, бұл жағдайдан соң өңірдегі өзге медициналық мекемелердің басшыларымен де тиісті жұмыс жүргізілген. Ол ахуал толық бақылауда екенін және мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылданатынын айтты.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар