жұма, 17 сәуір, 2026 12:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдағы «Ақсай» каналындағы су реттегіш 20 жылдан кейін тазаланды

Жамбылдағы «Ақсай» каналындағы су реттегіш 20 жылдан кейін тазаланды
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы Жуалы ауданындағы «Ақсай» каналындағы су реттегішті соңғы 20 жылдан кейін алғаш рет тазалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тәуліктік су реттегіштің сыйымдылығы 60 мың текше метр және 2000 гектар суармалы жерге судың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді. Тазалау жұмыстарына 3 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 3 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды.

«Ақсай» каналы 75 шаруа қожалығының егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз етеді. Негізінен мұнда картоп, көпжылдық шөптер, көкөніс және дәнді дақылдар өсіріледі.

«Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі облыстық филиалға 75 арнайы техника бөлді. Соның үшеуі Жуалы ауданына бөлінді. Енді оларды осы су реттегішті тазалауға пайдаланып жатырмыз. Жаңа техниканың арқасында жұмыс жақсы жүріп жатыр. Соңғы жылдары су реттегіштің сыйымдылығы азайып, шаруаларға су бірқалыпты жеткізілмеген еді. Енді жобалық көлемі қалпына келтірілген соң, су беру тұрақтанады», – деді Ақсай өндірістік бөлімшесінің басшысы Дәулетбай Нұрабаев.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар