дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жол қауіпсіздігі – әр адамның ортақ міндеті

Жол қауіпсіздігі – әр адамның ортақ міндеті
istockphoto.com
Желтоқсан айының басында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар алаңында республикалық БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді. Ашық пікір алаңында масс-медиа мамандырының басым көпшілігі соңғы уақытта Жамбыл облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне не себеп екен сұрады.

Аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы бұл тұрғыда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының негізігі бөлігі Жамбыл өңірін қиып өтетіндіктен, жалпы тоғыз жолдың торабы осында болғандықтар аталған фактілер жиі тіркелетінін ашық айтты.

 Осы ретте біз жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті құзырлы орган өкілінен ағымдағы жылдың қортынды кезеңі бойынша атқарылған жұмыстардың есебіне сұрау салдық. Кері байланыс лезде орнады.

 –Жалпы облыс аумағында, оның ішінде қалалық және жергілікті маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғасы санын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында, қосымша 8 мобильді «Екин Патруль» (радар) аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы 2058 нұсқама тіркелді. Сондай-ақ, 10- дана «Парк-Райт» аппараттық-бағдарламалық кешені сатып алынды. Бұл кешендер автожолдарда жасырын патрульдік бақылау жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін полиция қызметкерлерінің тікелей араласуынсыз тіркеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 27 мыңнан астам жол ережесін бұзу деректері тіркелді. Сонымен қатар, аса қауіпті жол учаскелерінде ұшқышсыз ұшу (Дрон) аппараттарын пайдалану жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Нәтижесінде 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 130-і қарсы қозғалыс жолағына шығу деректері анықталды, – дейді Жамбыл облысы Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі инспекторы, полиция подполковнигі Болат Ізбасаров.

Сонымен қатар ресми мәліметке сүйенсек, жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік апаттарын болдырмау мақсатында өңірде 10 дана ақылды жаяу өткелдері қойылған. Бұдан бөлек, аудандарға 5 автопатруль экипаж бөлініп, нәтижесінде 2 556 әкімшілік хаттама толтырылған. Жалпы 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыс аумағында 23 мәрте профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған. Атап айтқанда олардың қатарында: «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Тасымалдаушы», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Сіздің жолаушыңыз бала» және «Абайлаңыз балалар» акциялары бар.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайсар Сұлтанбаевтың өзі қарамағындағы мамандармен бірге күре жолдың бойына шығып, қозғалыс қауіпсіздігін БАҚ өкілдерімен бірге бақылады. Осылайша өңірдің бас полицейі ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың тапсырмасы бойынша патруль қызметінің даярлығын, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының орындалуын бағалады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар