Жуалы ауданында ХҚКО-да электрондық кезекті алдын ала брондау жүйесі енгізілуде
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 10:30
- 163
Жаңа сервис азаматтарға келу күнін және уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Брондау рәсімделгеннен кейін өтініш берушіге растау туралы SMS-хабарлама жіберіледі.
Сонымен қатар дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.
Айта кету керек, ерекше жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған кезде қарт адамдарға, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ шетел азаматтарына арналған бір жұмыс орны қарастырылған.
Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімділік ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өткеннен кейін беріледі (App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).
Пилоттық жобаны енгізу жаңа жүйенің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға және қажет болған жағдайда функционалын кеңейтпес бұрын жетілдірулер енгізуге мүмкіндік береді.
Пилоттық режим аясында алдын ала брондау жүйесінің сұранысқа ие болуы мен тиімділігіне бағалау жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша сервисті одан әрі енгізудің және оның функционалын кеңейтудің қаншалықты орынды екені туралы шешім қабылданады.



