жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалылық жас спортшылар республикалық турнирде үздік атанды

Жуалылық жас спортшылар республикалық турнирде үздік атанды
Ашық дереккөз
Жуалылық өрендер 8 алтын, 7 күміс және 13 қола медаль иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

12-14 қыркүйек күндері Тараз қаласында 2010-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық ашық турнир өтті. Бұл додада Жуалы ауданынан барған жас спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз қаласында өткен аталған турнирге еліміздің әр аймағынан келген сегіз команда, барлығы 120 жас спортшы қатысып, өзара бақ сынады.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Жуалы ауданы білім бөлімінің «Аула» клубы атынан 30 жас боксшы бақ сынап, олардың 28-і жеңіс тұғырынан көрінді. Жуалылық өрендер 8 алтын, 7 күміс және 13 қола медаль иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша «Аула» клубының шәкірттері жалпы есепте үздік атанып, «Үздік команда» атағына ие болды. Сондай-ақ бокс үйірмесінің жетекшісі Бауыржан Сатаровтың еңбегі ерекше бағаланып, ол арнайы қара белбеу және кубокпен марапатталды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар