сәрсенбі, 1 сәуір, 2026 21:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

12 мың қазақстандық бала Ұлттық қордағы төлемінен айырылып қалды

12 мың қазақстандық бала Ұлттық қордағы төлемінен айырылып қалды
Фото: egov.kz алынды
Ұлттық Банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстан азаматтығынан бас тартқан 12 мың баланың “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасымен төлем алатындар қатарынан шығарылғаны туралы ақпаратқа жауап берді.

Тимур Сүлейменов Мәжілісте “БЗЖҚ Ұлттық қордан 12 мың баланың төлемі тоқтатылғанын, ол қаражаттың басқа балалар арасында қайта бөлінген хабарлады. Балалардың атына қосымша қанша қаражат түседі” деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Stan.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банк басшысы бағдарламадан шығарылған балалардың нақты санын білмейтінін айтты. Десе де Қазақстан азаматтығынан бас тартқан балалардың шынымен де төлем алмайтынын растады.

Оның айтуынша, егер бала басқа елге кетсе, азаматтығын өзгертсе немесе басқа себептер болса балалардың жеке шоттарына аударылған қаражат жойылуы мүмкін.

“Дәл осындай жағдай болды. Нақты қанша баланың қаражаты қайта бөлінгенін айту қиын. Балалардың қашан жүйеге кіріп, шыққаны белгісіз. Егер бала Қазақстан азаматтығынан бас тартса, бұл оның және ата-анасының шешімі. Сол кезде бұл қаражат біздің жүйеде қалады да, басқа балалар арасында қайта бөлінеді”, – деді Тимур Сүлейменов.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар