бейсенбі, 25 желтоқсан, 2025 21:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылы Су шаруашылығы комитеті 70 ауылды ауызсумен қамтамасыз етужұмыстарын жүргізді

2025 жылы Су шаруашылығы комитеті 70 ауылды ауызсумен қамтамасыз етужұмыстарын жүргізді
Фото: gov.kz
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және жаңғырту жұмыстарының барысы, сондай-ақ азаматтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025 жылы комитет ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған 20 жобаны іске асырды. Бұл жобалар аясында 1 497 шақырым топтық су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, республика бойынша 6 өңірдегі 70 ауылдық елді мекен таза ауызсумен қамтылды. Атап айтқанда, жобалар Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жүзеге асырылды.
 
Жыл соңына дейін осы жобалардың 12-сін пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл бастапқы жоспардан 4 жобаға артық.

«Бастапқыда Су шаруашылығы комитетіне бұрын ауызсуға қол жеткізе алмаған 52 ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету міндеті жүктелген болатын. Қазіргі таңда олардың 48-і сумен қамтылды, ал қалған 4 ауылды жыл соңына дейін орталық су жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар қосымша ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау, сондай-ақ жобалық шешімдерді оңтайландыру нәтижесінде жоспардан тыс 22 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді», – деді Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Оған қоса Су шаруашылығы комитеті бес жоба бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Бұл жобалар 207,6 шақырым топтық су құбырларын қайта жаңғыртуды, сондай-ақ жалпы халқы 449,9 мың адамды құрайтын 222 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз етуді жақсартуды көздейді.
 
Гидротехникалық нысандарды салу және реконструкциялау бағытында комитет республиканың 6 өңірінде 12 жобаны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, бұл жобалар Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүргізілуде.
 
Биыл желтоқсан айының соңына дейін Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасын реконструкциялау жұмыстары, сондай-ақ 58 жылдан кейін алғаш рет жүргізіліп отырған Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасындағы күрделі қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар Түркістан облысындағы Р-6 каналының және Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы «Албарбөгет» бөгетінің реконструкциясын аяқтау жоспарланып отыр.
 
Бұдан бөлек комитет 214 жоба бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, олардың басым бөлігі Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылады.
 
Қазақстанның оңтүстігінде ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіруге бағытталған жобаның екінші кезеңі 93 пайызға орындалды. 79,15 мың гектар аумақта су жеткізуді жақсартуға және ирригация желілеріндегі су шығынын 201,8 млн текше метрге дейін қысқартуға жағдай жасалды.
 
Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы екі нысанда және Қызылорда облысындағы бір нысанда жұмыстар толық аяқталды. Ал Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы сегіз нысанда жұмыстар жалғасып жатыр, олардың бесеуін келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.
 
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірленіп жатыр. Құжатты әзірлеуді келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.
 
Сонымен қатар биыл Су шаруашылығы комитеті Италияның IMER Group машина жасау компаниясымен ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта гидротехникалық нысандарды салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде осы компанияның озық тәжірибесін қолдану көзделіп отыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар