2026 жылдан бастап әкімдердің жұмысы KPI арқылы бағаланады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қыркүйек, 2025
- 361
KPI көрсеткіштері еліміздегі барлық әкімдерге бірдей талаппен қолданылады, деп хабарлаййды Jambylinfo.kz
— Ұлттық даму жоспары бар. Онда тиісті индикаторлар айқындалып, мемлекеттік органдар мен өңірлерге нақты бөлініп берілген. Әрбір өңірдің өзіндік көрсеткіштері бар. Қазіргі уақытта жаңа Бюджет кодексіне сәйкес, келесі жылға арналған өңірлік даму жоспарлары әзірленіп жатыр. Бұл жоспар әр облыс әкімі үшін жұмыс үстеліндегі негізгі құжат болады, — деді Азамат Әмрин.
Оның айтуынша, өңірлік даму жоспарларында инвестиция тарту мәселесі де қарастырылған.
— Жоспарда қандай жоба, қай салаға және қандай мақсатпен іске асырылатыны нақты көрсетіледі. Келесі жылдан бастап KPI жүйесі толық енгізіледі. Бұл көрсеткіштер барлық әкімдер үшін бірдей тәртіппен қолданылатын болады, — деп нақтылады вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін халықты жұмыспен қамту бағытында аудан және қала әкімдеріне арналған KPI жүйесі енгізілетіні хабарланған болатын.





