жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

26 жылқыны заңсыз иемденген семейлік азамат анықталды

26 жылқыны заңсыз иемденген семейлік азамат анықталды
Фото: Polisia.kz
Келтірілген шығын көлемі – 6 970 000 теңге.

Семейде ер адам 26 жылқыны алаяқтық жолмен иемденді, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz cілтеме жасап.

Семей қалалық полиция басқармасына шаруа қожалығы басшысының 43 жастағы орынбасары арызданған. Оның айтуынша, 36 жастағы қала тұрғыны сенімге кіріп, кейін сату үшін деп малды алғанын айтып, 26 жылқыны алаяқтық жолмен иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында ол кінәсін мойындап, жылқыларды сатып, түскен қаражатты жеке мақсаттарға жұмсағанын түсіндірді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге келу туралы міндеттеме рәсімделді.

Полиция өкілдері азаматтарға мүлікке қатысты мәмілелерді міндетті түрде ресми түрде және тиісті құжаттармен рәсімдеуді ескертеді. Мұндай сенімге негізделген әрекеттер ірі материалдық шығындарға алып келуі мүмкін.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар