Трамп Канада мен Мексикаға жаңа салық салынатынын хабарлады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 4 наурыз, 2025
- 1.0k
АҚШ президенті Трамп Канада мен Мексикаға жаңа салық салынатынын хабарлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сейсенбіден бастап Канада мен Мексикаға қатысты жаңа салық енгізілетінін мәлім етті.
Bloomberg таратқан дерегі бойынша, бұл АҚШ-тың екі ірі сауда серіктестеріне соққы болары сөзсіз.
Ал Канада мен Мексикадан келетін импорттың салығы 25% көлемінде бекітілмек. Алайда оның тек канадалық энергетика тасымалдаушыларға қатысы жоқ.
Мексика мен Канадаға орын қалмады, - деді Трамп АҚШ-тың баж салығын жою туралы солтүстікамерикалық көршілермен келісіміне қатысты журналистердің сұрағына жауап беріп.
Айта кетейік, Канада мен Мексикада жауап қайтаруы әбден мүмкін. Бұл АҚШ-тағы автокөлік бағасының күрт өсіп, жеткізу тізбегінің бұзылуына әкеледі деп күтілуде.
4 наурызға арналған валюта бағамы
Ұқсас жаңалықтар
Мамырдағы мерекелер: ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 сәуір, 2026





