Жаңалықтар
Қаңтар айындағы ҰБТ: Бес талапкер 139 балл жинады, 98-і аудиториядан шығарылды
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2023
- 614
Қаңтар айындағы ҰБТ: Бес талапкер 139 балл жинады, 98-і аудиториядан шығарылды
Қаңтар айындағы ҰБТ-ны 123 мың адам тапсырды. Олардың 102 мыңы шекті 50 балды жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаңтар айындағы тестілеуді 123 мыңға жуық адам тапсырды. Олардың ішінде ЖОО-ға шартты негізде қабылданғандар, шығармашылықтан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер бар. Талапкерлердің 95 мыңы (77%) қазақ тілінде, 28 мыңы (23%) орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тапсырды. Қаңтар тестілеуіне ерекше оқу қажеттіліктері бар 274 бала қатысты», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Тестілеу қорытындысы бойынша 102 мыңға жуық талапкер шекті балл (50) жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 83%-ын құрайды. Ал 21 мыңнан астамы (17%) шекті балл жинай алмады.
«Жалпы ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139, оған Қазақстан бойынша 5 талапкер қол жеткізген. ҰБТ аяқталған соң, постмониторинг жүргізіледі, 31 желтоқсонға дейін барлық бейнежазбаға талдау жасаймыз. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, сертификат жойылады», - деп ескертті спикер.
Сондай-ақ, «Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 98 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Сондай-ақ, 62 адам тыйым салынған заттарды кіргізбекші болған, олар да ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, ҰБТ штаттық режимде және еш форс мажорсыз өткен. Тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасымен ұйымдастырылады.
«Тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысы мен қозғалысын жазу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмау үшін қажет. Сондай-ақ бұл қағидат емтихан тапсыру барысына бақылау жүргізу және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет. Қабылданған шаралар арқасында қаңтар ҰБТ-ның қорытындылары бойынша бөгде адамдарды кіргізуге тырысу фактісі анықталған жоқ. Естеріңізге сала кетсем, 2022 жылы барлық 5 тестілеу қорытындысы бойынша тек 1 факті тіркелген еді.
Талапкерлердің таңдауына келсек, көш басында математика-физика комбинациясы (19,2%) тұр, одан кейін 18,6% - биология-химия, 10,2% - шығармашылық және 10% - жаңадан қосылған математика-информатика комбинациясын тапсырған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бір күнде жүрегі 53 рет тоқтап қалған
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚМДБ еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 наурыз, 2026




