Алматыдағы Орталық стадион халықаралық деңгейде матч қабылдауға әзір
- авторБақытжан Бекболат
- 5 қыркүйек, 2025
- 423
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Алматыдағы Орталық стадион УЕФА стандарттарына толық сәйкес келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыратын бөлмелер мен командалар мен төрешілерге арналған аймақтар халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуге толық дайын.
Бұрын орын алған кейбір олқылықтар — сынған орындықтар мен ескірген санитарлық тораптар — стадионның жасы мен келушілердің дұрыс пайдаланбауына байланысты туындаған еді. Қазір бұл мәселелер жүйелі бақылауға алынып, орындықтар ауыстырылды, аумақ абаттандырылды. Санитарлық тораптарда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Алдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуіне дейін барлық дайындық шаралары аяқталмақ. Тазалық пен қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлініп, халықаралық талаптарға сай жағдай жасалды", — делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.




