Жаңалықтар
App Store-дан "ВКонтакте" және Mail.ru қосымшалары жойылды
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2022
- 491
App Store-дан "ВКонтакте" және Mail.ru қосымшалары жойылды
VK компаниясы Apple-дың шешімі бойынша App Store-дан өз қосымшаларының жойылғанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дүйсенбіде VK қосымшалары, соның ішінде VK Play, "VK музыкасы", "VK клиптері" және "VK мессенджері", VK Play және "VK Admin", сондай-ақ, "Mail.ru поштасы"және "Mail.ru облако" App Store-дан табылмады.
"VK Apple компанияның бірнеше қосымшасын бұғаттағанын растайды, қазіргі уақытта олар App Store дүкенінде қолжетімсіз. Пайдаланушылардың смартфонына орнатылған VK қызметтері әдеттегідей жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада."ВКонтакте" баспасөз қызметі мәліметінше, VK Apple-ге App Store-да компанияның бірнеше қосымшасы бұғатталғанына байланысты түсініктеме беру туралы өтініш жіберген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Петропавлда алғашқы қар жауды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






