сенбі, 13 желтоқсан, 2025 23:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағандыда тыйым салынған электронды темекілер тәркіленді

Қарағандыда тыйым салынған электронды темекілер тәркіленді
Фото: polisia.kz
Тексеру барысында көлік салонынан заңсыз айналымда болған 170 электронды темекі анықталып, тәркіленді.

Қарағандыда "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында электронды темекілердің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

12 желтоқсанда Қарағанды қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Назарбаев көшесінде Hyundai автокөлігін тоқтатты. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және оған қатысы бар тұлғаларды белгілеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес никотинсіз темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді әкелуге, өндіруге, сақтауға және өткізуге тыйым салынғанын қатаң ескертеді. Бұл талаптарды бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар