дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 23:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қара бетперде таққан жігіттің кім екені белгілі болды

Қара бетперде таққан жігіттің кім екені белгілі болды
Ғаламтор
Ел ішінде қара бетперде таққан жігітті XXI ғасырдың атымтай жомарты деп атайды.

Жұмбақ жігіттің қайырымдылық істермен айналысып жүргеніне біраз уақыт болды.

Ол бірнеше отбасына баспана сыйлады. 

Ал күні кеше  осы маскадағы белгісіз жігіт су тасқынынан жапа шеккен халыққа 1 миллион доллар аударған. 

Иә, халық: "сен, кімсің белгісіз жан"? деген сұрақты жиі қояды. 

Десе де, өзі бұл сұраққа жауап беруге асықпайды. 

Бірақ белгілі болғандай, бетперде тағатын жігіттің қайырымдылық қоры бар екен. 

Бұған "Kaspi" банк қосымшасындағы 
"Kaspi төлемдер" бөлімінде "Человек в маске" деген қайырымдылық қоры негіз бола алады. 

Бұл ресми қайырымдылық қор, халықтан ақша жинайды. 

Соның есебінен ел-жұртқа қайырымдылық жасайды. 

Бұл пікірді белгілі журналист Гүлмира Әбіқай да қуаттап отыр. 

"Қара бетперде жұмбақ жігіттің образы ғана. Ол белгілі бір қордың өкілі. Алла ісіне береке берсін", -деді ол. 

Расында, бұл дәйектердің жаны бар. 

Сол себепті, қара бетперде таққан жұмбақ жігіт ертелі-кеш ел алдына шығып, өзін таныстыратын күн де туар...

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар