Қаржы министрлігі мемқызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады
- авторjambylinfo.kz
- 5 қараша, 2024
- 328
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Tengrinews.kz -тің жазуынша, Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы қосу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.
Осы қаулы арқылы шығындардың нақты тізімі айқындалған. Олар үнемделген жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығындар бойынша үнемдеу).
"Бүгінде бұл қаулыға, сондай-ақ, басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ. Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажет екені және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс", - деп жазылған хабарламада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз