Астана – Бурабай бағытында жаңа электр пойызы іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 шілде, 2025
- 544
Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша «Burabay Express» жаңа буын электр пойызы қатынайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа құрам Петропавл қаласындағы отандық «ЗИКСТО» ЖШС зауытында өндірілген және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Burabay Express пойызы қала маңындағы тасымалдарды жаңғыртуға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Электр пойызының техникалық сипаттамалары:
6 вагоннан тұрады, барлығы – 374 орын;
Ішкі ауа баптау жүйесімен жабдықталған;
Үш түрлі жайлылық класы қарастырылған;
Заманауи дизайн және жоғары қызмет көрсету деңгейі ұсынылады.
Қосымша мүмкіндіктер:
Жақын арада пойызда жоғары жылдамдықты интернет, борттағы тағамдар және қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігі (онлайн немесе жолда банк картасы арқылы) қолжетімді болады.
Бағыт пен қозғалыс уақыты:
Астанадан шығу: 11:00
Бурабай курортына келу: 13:35
Кері бағытта: 14:15
Астанаға келу: 17:00
Пойыз аптасына бес рет қатынайды, билеттерді жөнелтілетін күннен 45 күн бұрын сатып алуға болады.
Билет бағасы:
1-класс – 5 805 теңге
2-класс – 3 586 теңге
3-класс – 2 962 теңге
Ұлттық тасымалдаушы бұл жоба қала маңындағы жолаушылар тасымалын дамыту, қызмет сапасын арттыру, инновацияларды енгізу және көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылып отырғанын атап өтті.





