Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
- авторАрайлы Жақсылық
- 5 тамыз, 2025
- 451
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды.
Түрікменбашы әуежайында Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды. Әуежайда қос тарап аз-кем әңгімелесіп, қазақ-түрікмен достығының берік негізін атап өтті.
– Қасиетті түрікмен жерінде Сізбен қайта жүздескеніме қуаныштымын. БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен өтіп жатқан форум – Түрікменстанның бейтараптық саясатының және халықаралық аренадағы беделінің айқын дәлелі. Қазақстан бұл саясатты толығымен қолдайды,-деді Тоқаев.
Кездесу барысында қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, достық пен тату көршілікті одан әрі тереңдету мәселелерін сөз етті.




