Қате немесе артық төленген МӘМС жарналарын қалай қайтарып алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 ақпан, 2026
- 79
Бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде өтініш беру қажет.
Өтініш беру тәртібі:
• Егер азамат дербес төлеуші болса, өтініш арнайы үлгі бойынша толтырылады.
• Егер өтініш жұмыс беруші арқылы берілсе, қызметкердің қаражатын қайтаруға берген жазбаша келісімі қоса тіркелуі тиіс.
Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінің мекенжайлары мен өтініш үлгілері Қордың ресми сайтында https://msqory.kz/ru/ орналастырылған.
Қаражат өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Қайтарудан бас тарту себептері:
Қаражатты қайтарудан келесі жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
• бұрынғы төленбеген кезеңдер бойынша берешек болса;
• құжаттарда мәліметтер қате көрсетілсе;
• өтініш заң талаптарына сәйкес келмесе;
• дербес деректерді өңдеуге келісім берілмесе.




