Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.
Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегінше, жер асты дүмпуі 10 сәуірде 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсарыдан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3, ал энергетикалық класы - 9,1.
"Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2026






