Ауа райы құбылады: тұман, қар және үсік күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қыркүйек, 2025
- 844
Синоптиктердің мәліметінше, найзағайлы жаңбыр жауып, кей өңірлерде қатты жел соғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қыркүйектің 4–5 күндері еліміздің батысында, ал 5–6 қыркүйекте солтүстік-батысында бұршақ аралас нөсер жаңбыр болжанып отыр.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ 5–6 қыркүйекте шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық күн райы күтіледі. Дегенмен, республика бойынша желдің күшеюі болжанса, солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
"Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық аймақтарда, сондай-ақ 05–06 қыркүйекте шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Шығыста, 05 қыркүйекте солтүстік-шығыста, 04–05 қыркүйекте орталықта түнгі уақытта ауа температурасы 2–10 жылы шамасында болып, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Күндізгі температура:
батыс аймақтарда 18–33 градустан 15–27 градусқа дейін төмендейді;
солтүстік облыстарда 17–28 градустан 25–30 градусқа дейін көтеріледі;
орталықта 20–32 градустан 25–35 градусқа дейін жылы болады;
шығыста 12–25 градус жылы күтіледі;
оңтүстікте 30–35 градустан 33–38 градусқа дейін ауытқиды;
оңтүстік-шығыста 22–30 градустан 28–33 градусқа дейін жоғарылайды;
таулы аймақтарда 12–17 градустан 18–23 градусқа дейін жылы болады", — делінген "Қазгидромет" хабарламасында.





