жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қауіпті болуы мүмкін: жастар арасында жаңа тренд пайда болды

Қауіпті болуы мүмкін: жастар арасында жаңа тренд пайда болды
Pixabay.com
Шараның 23 жастағы ұйымдастырушысы мұны жастардың стрессті жеңілдетіп, күнделікті уайымнан арылу амалы деп түсіндіреді.

Германия жастары арасында тосыннан пайда болған ерекше әдет елге тез тарап барады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

Олар пудингті қасықтың орнына шанышқымен жеп, бұны ортақ мерекеге айналдыруда.

Жақында Ганновер қаласында мыңға жуық жас дәл осындай «пудинг-жиынға» қатысып, тәттіні бірге дәм татты. Шараның 23 жастағы ұйымдастырушысы мұны жастардың стрессті жеңілдетіп, күнделікті уайымнан арылу амалы деп түсіндіреді.

Қатысушылардың бірі Иданың айтуынша, бұл үрдіс Z буынының өмірге жеңіл, әзіл арқылы қарауын көрсетеді. Ал Роберт есімді жас: «Пудингті қасықпен жеу – қызықсыз, жалғыз жеу – одан да жаман. Осындай ортада ғана шын көңілмен рақаттанасың», – дейді.

Бұл әдет алғаш рет Карлсруэ қаласында пайда болған. Белгісіз біреу көшеде «пудинг-жиынға» шақыратын парақшалар таратқан. Кейін бастама «Карлсруэ мемдері» атты Instagram парақшасында жарияланып, 84 мыңнан астам жазылушының назарын аударды. Парақша админдерінің бірі Меран Надимидің айтуынша, мұндай шара жастарға жаңа достар табудың оңтайлы жолына айналған.

Қазір «пудинг-толқын» Германияның басқа да ірі қалаларын шарпуда. Алдағы уақытта Берлин, Гамбург, Дрезден және Мюнхенде дәл осындай басқосулар өтпек.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар