жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айдын Байбеков: Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет

Айдын Байбеков: Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет
Фото - ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады.

   Бұл жолғы Жолдауда денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударылып, бірқатар нақты міндеттер мен басымдықтар белгіленді.

Президент Жолдауында атап өтілген негізгі бағыттар мыналар:

Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау саласына 2,3 трлн теңгеден астам қаражат бөлу;
Фармацевтика индустриясын дамыту;
Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды денсаулық сақтау жүйесіне енгізу;
Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде инфрақұрылымдық жобаларды жедел іске асыру;
Медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

Кадрлық әлеуетті нығайту

Саланың тұрақты дамуы ең алдымен білікті медициналық мамандарға байланысты. Осы бағытта Қордай ауданында нақты шаралар жүзеге асырылуда:
2025 жылдың алғашқы сегіз айында ауданға 10 жас маман тартылды;
2 маманға аудандық бюджет есебінен әлеуметтік қолдау көрсетілді;
6 маманға облыстық басқарма тарапынан біржолғы көмек берілді.

Инфрақұрылым мен технологиялық жарақтандыру

Медициналық инфрақұрылымды жаңарту және заманауи құрал-жабдықтармен қамту – басты міндеттердің бірі. Бұл бағытта Қордай ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда:
Жаңа туған нәрестелерге арналған медициналық жабдықтар сатып алуға 94 млн теңге бөлінді;
Аудан мектептерінде жаңартылған стоматологиялық кабинеттер ашылды;
Заманауи үлгідегі реанимобиль (жедел жәрдем көлігі) сатып алынды;
Үлкен Сұлутөр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды;
Сортөбе ауылында жаңа ауылдық емхана құрылысы аяқталып, заңдастыру жұмыстары жүргізілуде;
Сонымен қатар, 270 төсек орынға арналған жаңа аудандық аурухананың құрылысы жоспарланып отыр.

Ана мен бала денсаулығын қорғау

Президент Жолдауларында үнемі ерекше маңыз берілетін бағыттардың бірі – ана мен бала денсаулығы. Бұл салада да ауданда оң өзгерістер орын алуда:
Қордай ауданында «Даму және ерте араласу орталығы» ашылды;
Медициналық қызметкерлер антенаталдық күтім мен медициналық этика бойынша арнайы курстардан өтті;
Педиатриялық қызметтер кеңейтіліп, қосымша салалық мамандар тартылуда.

Цифрландыру және профилактикалық жұмыстар

Цифрлық медицинаны енгізу – медициналық қызмет сапасын жақсартудың маңызды жолы. Бұл бағытта Қордай ауданында:
«Чек-ап» скринингтік бағдарламасы енгізілді. Аталған бағдарлама жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт, қант диабеті, есту және көру қабілеті бұзылыстарын ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтарды – фармацевтика саласын дамыту, цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету – Қордай ауданында жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз.
Біздің басты мақсатымыз – Президент айқындап берген «Ана мен бала денсаулығы», «Қоғамдық денсаулық», «Цифрлық медицина» бағыттарын тиімді іске асыру арқылы аудан тұрғындарына сапалы, қолжетімді және заманауи медициналық қызмет көрсету.

                     

                                                                                                                                                           Айдын Байбеков,
                                                                                                                                                         Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар