Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды
Елордада Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралды.
«Қайрат Сатыбалды ҚР Қылмыстық кодексі 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі 2-тармағы және 95-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен сотқа екі эпизод берілді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387, 402, 623, 626-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Қайрат Сатыбалдыны ҚР ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігінде, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, ҚР ҚК-нің 195-бабының 28-бабының 3-бөлігінде, 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы үкім шығарды», - деді Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов сот отырысында.
Оның айтуынша, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша оның мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.
«Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік және мемлекеттің үлесін құрайтын ұйымдарда лауазымға орналасу құқығынан айыра отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деді судья.
Қ.Сатыбалды жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






