сенбі, 4 сәуір, 2026 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанға 14 тонна залалды күнбағыс тұқымын әкелу әрекеті тоқтатылды

Қазақстанға 14 тонна залалды күнбағыс тұқымын әкелу әрекеті тоқтатылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мемлекеттік инспекторлары қауіпті өнімнің ішкі нарыққа енуінің жолын кесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Беларусь Республикасынан (шығарылған елі — АҚШ) жеткізілген көлемі 14,3 тонна күнбағыс тұқымын тексеру барысында оның күнбағыс фомопсисі ауруымен залалданғаны анықталды.

Бұл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін айтарлықтай қауіпті, ол өнім түсімінің азаюына және өнім сапасының төмендеуіне соқтырады.

Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді.

Зиянды өнімдердің ел аумағына өтуіне жол бермеу, шекарадағы фитосанитариялық бақылауды күшейту жолында жұмыстар жалғасуда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар