сейсенбі, 3 наурыз, 2026 3:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі 2026-2029 жылдары жалпы сомасы $5,5 млрд болатын 15 жаңа жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық бағыттар аясында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және инфрақұрылымдық, әлеуметтік жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуде көлік-логистика, ТЖ, цифрландыру, тұрғын үй нарығы және «жасыл» қаржыландыру салаларындағы жобалар қаралды. Жасанды интеллект, дата-орталықтар, талшықты-оптикалық магистральдар, көлік дәліздерін және кеден рәсімдерін цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық әлеуеті атап өтілді. Сондай-ақ Қарағандыда 300 орындық университеттік аурухана салу жөніндегі МЖӘ жобасының жүзеге асырылуы талқыланды.

Премьер-министр Азия даму банкі Қазақстанның инфрақұрылымды жаңғыртудағы негізгі әріптестерінің бірі екенін атап өтті. АДБ президенті Масато Канда құрылымдық реформаларға жоғары баға беріп, экономиканы ауқымды цифрландыруды қолдауға дайын екенін білдірді.

Тараптар 2026–2029 жылдарға арналған жалпы сомасы шамамен $5,5 млрд болатын 15 жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Жобалар өңірлік байланыс, табиғи апаттарға төзімділік, су ресурстарын басқару, ТКШ және тұрғын үй нарығын дамыту бағыттарын қамтиды. АДБ жеке секторды, соның ішінде АӨК, көлік және логистика салаларын қаржыландыруды жалғастырады.

Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен АДБ арасында Сарыағашты айналып өтетін 102 шақырымдық жол салу жөнінде келісім жасалды. Жаңа жол Б. Қонысбаев өткізу пункті арқылы Өзбекстанға шығуды қамтамасыз етіп, транзиттік ағынды елді мекеннен тыс бағыттайды және сауда тиімділігін арттырады.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар