Жаңалықтар
«Қазақстан Конституциясына 30 жыл» коллекциялық монеталары сатылымға шығады
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 тамыз, 2025
- 456
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Конституциясына 30 жыл коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банк 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан Қазақстан Конституциясына 30 жыл коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды.
Монеталар алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана, - деп жазылған хабарламада.





