сенбі, 7 наурыз, 2026 20:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мектептерінде көктемгі демалыс қашан басталады

Қазақстан мектептерінде көктемгі демалыс қашан басталады
tlum.ru
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл көктемгі каникул 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін 9-15 ақпан аралығында жеті күндік қосымша демалыс берілген болатын.

Көктемгі каникулдан кейін 30 наурызда оқушылар мектепке оралып, төртінші тоқсанның сабақтарына кіріседі.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар